Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев пен Жұмабек Ахметұлы Тәшенов Flashcards

XX ғасырдың II жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асты?2 (20 cards)

1
Q

Дінмұхамед Қонаев туралы қысқа мәлімет

A

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев(1912—1993)— аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәртеСоциалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
2
Q

Дінмұхамед Қонаев туылған жері

A

1912 ж, Верный(қазіргі Алматы), қызметкердің отбасында дүниеге келген

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
3
Q

Қонаевтың еңбек жолдары

A
  • Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті
  • 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
  • 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы
How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
4
Q

Қонаевтың әлеуметтік салаға қандай өзгеріс әкелді?

A

Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
5
Q

Қонаев- ғалым, себебі……

A

100 ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруышылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруышылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттыруымен қатар ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
6
Q

Қонаев- қоғам қайраткері себебі……

A

.Қазақ өнерін жоғары бағалаған Қонаев өнерде дүрген жандарды жан жақты қолдап қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мідениет үйлері өз қызметі бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім мен мідение ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып әлеуметтік нысандар салынды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты. Қонаев елді қабылдап алған кезде ел өндіріс пен тұрмыс жағынан 15ші орында болған, ал оның тұсында қазақ Одақ ішінде 4-ші орынға шықты.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
7
Q

Қонаев - өз заманының ұлы саясаткері, себебі……

A

Қонаев билік басында болған уақыт қаншалықты кұрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, ілеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мідениетін дамвту ісіне айтулы еібек сіңірді. Түрлі деңгецдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кте бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтың озбырлығымен Өзбекстанға береліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
8
Q

Қонаев - Ел қамын ойлайтын басшы, себебі…..

A

Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салалармен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді. Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналатын Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кешендер мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
9
Q

қонаев мүмкін қорытынды

A

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
10
Q

Ұлттық мүддені қорғау
Аргумент: Жұмабек Тәшенов Қазақстан аумақтық тұтастығын сақтау жолында табандылық танытты.

A

Дәлел 1: 1960 жылдары КСРО басшылығы Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге беру жоспарын ұсынғанда, Тәшенов бұл бастамаға Мәскеуде қарсылық білдіріп, қазақ жерін бөлшектеуге жол бермеді.
Дәлел 2: Ол өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, аумақтық тұтастық мәселесін жоғары басшылық деңгейінде талқылауға шығарды.
Дәлел 3: Нәтижесінде, бұл жоспар жүзеге аспай, Қазақстан өз аумағын сақтап қалды.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
11
Q

Экономикалық даму
Аргумент: Тәшенов ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамыту арқылы Қазақстан экономикасын нығайтуға үлес қосты.

A

Дәлел 1: 1955–1961 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы ретінде тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасын ұйымдастыруға жетекшілік етті.
Дәлел 2: Жергілікті шикізат көздерін тиімді пайдалану қажеттілігін көтеріп, бұл бағытта өнеркәсіп орындарының дамуын қолдады.
Дәлел 3: Елдің азық-түлік өндірісін арттыруға басымдық беріп, экономиканың ауыл шаруашылығына тәуелділігін төмендетуге тырысты.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
12
Q

Мәдениет саласына ықпалы
Аргумент: Жұмабек Тәшенов қазақ тілін, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерді сақтауға ерекше көңіл бөлді.

A

Дәлел 1: Тәшенов ұлт зиялыларының бастамаларын қолдап, қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына жағдай жасады.
Дәлел 2: Ұлттық тарих пен мәдениетті жаңғыртуға бағытталған жобаларды қолдап, қазақ жастарының білім алуына жағдай жасады.
Дәлел 3: Қазақ интеллигенциясын саяси және әлеуметтік қысымнан қорғауға әрекет етті.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
13
Q

Кеңестік жүйеге қарсылық
Аргумент: Тәшенов кеңестік отаршылдық саясатқа ашық қарсы тұрып, халық мүддесін бірінші орынға қойды.

A

Дәлел 1: Ол Мәскеуден келетін әділетсіз шешімдерге қарсы шығып, Қазақстанның ресурстарын басқа республикалардың мүддесіне пайдалану саясатын шектеді.
Дәлел 2: Тәшеновтің батыл әрекеттері оның қызметінен босатылып, төменгі деңгейдегі лауазымға ауысуына алып келді.
Дәлел 3: Осыған қарамастан, оның ұлттық мүддені қорғаудағы ұстанымы халық арасында беделін одан әрі арттырды.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
14
Q

Қорытынды
Жұмабек Тәшенов 1

A

Жұмабек Тәшенов тоқырау кезеңінде елінің тәуелсіздігі мен дамуы үшін күрескен қайраткер ретінде тарихта қалды. Оның ұлттық мүдде жолындағы ерлігі, экономикалық реформалары, мәдениетке қосқан үлесі және кеңестік жүйеге қарсылығы – болашақ ұрпақ үшін үлгі.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
15
Q

Дінмұхамед Қонаевтың ел басқарған жылдары Қазақстанда өнеркәсіп өндіріс көлемі ….. есе, ауыл шаруашылығы.. есе, құрылыс саласы….. есеге өсті. Республикада ….қала салынды. Ал халық саны жөнінен ….есеге өскен.

A

Дінмұхамед Қонаевтың ел басқарған жылдары Қазақстанда өнеркәсіп өндіріс көлемі 8,9 есе, ауыл шаруашылығы 6,2 есе, құрылыс саласы 8 есеге өсті. Республикада 43 қала салынды. Ал халық саны жөнінен** 2,5** есеге өскен.

How well did you know this?
1
Not at all
2
3
4
5
Perfectly
16
Q

Д.А. Қонаев марапаттары

A

Д.А. Қонаев мемлекет және халық алдында сіңірген зор еңбегі үшін үш мәрте Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атаққа, 6 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және Октябрь революциясы орденімен, көптеген медальдармен марапатталды.

17
Q

Д қонаев дипломатиялық қызметі

A

Д. Қонаев дипломатиялық жұмыстармен ҚХР, АҚШ, Алжир, Уругвай, Иран, Италия, Үндістан, Корея, Египет, Болгария, Жапония, басқа да жақын-алыс шет мемлекеттерде болған.

18
Q

Қорытынды
Жұмабек Тәшенов 2

A

Жұмабек Ахметұлы қандай қызмет атқарса да, қазақ елінің, ұлтының мұң-мұқтажын, абыройын, мүддесін әсте есінен шығармаған. Осы  мақсатта қара басының қамын күйттемей жоғары лауазымын да қияды. Ұлтжанды  азаматтың  ерліктерінің  ішінде  Қазақстанның  солтүстіктегі  облыстарын  аман  алып  қалғаны  ерекше  тоқталуға  тұратын  оқиға.  Кеңес  елінің  басшысы  Н. Хрущев еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан)  біріктіріп,  «Тың  өлкесі» деген  аймақ  құрып,  оны  Ресейге   қосуды  жоспарлайды.  Өлкенің  басшылығына  Орталықтан Т.И. Соколов деген өз адамын жібереді. Ол Тың өлкесін  Ресейге  өткізуге  бейімдеп,  Қазақстан  басшылығына  бағынудан  бас  тарта  бастайды.  Бұл  әрекетті  білген  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы  Ж. Тәшенов  1960  жылы  күзде  Тың  өлкесінің орталығы болған Целиноградқа  шұғыл  түрде  ұшып  келіп,  республикалық  Жоспарлау  комитетіне  келесі  жылдың  бюджетіне  қажет  мәліметтерді  әдейі  бермей,  бассыздық жасағаны үшін Т. Соколовты қызметінен алып, 24 сағаттың  ішінде  Қазақстаннан  қуып  жіберетінін  және  Тың  өлкесі  ешқашан  Ресейге  берілмейтінін  қадап  тұрып  айтады

19
Q

Ұлт мүддесін қорғау жолы: Тәшенов

A

1957 жылы Қазақстанда 30-50-жылдардағы зұлмат құрбандарын ақтау үшін құрылған комиссияны Ж. Тәшенев басқарды. Бюрократтыққа, кертартпалыққа жол бермейтін қайраткер комиссияның тез әрі әділ шешім шығаруын қамтамасыз етті. Соның арқасында тірі қалған тұтқындар, қазақтың белгілі ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері абақтыдан тез босатылды. Олардың ішінде атақты тарихшы Ермұқан Бекмаханов, Бек Сүлейменов, Есмағанбет Ысмайылов, Хамза Есенжанов, Зейін Шашкин, Мұқаметжан Қаратаев, Сейділ Талжанов, т.б. болды.

20
Q

Ұлт мүддесін қорғау жолы: Тәшенов

A

1955 жылы Ж. Тәшенев Қытайдан Алматы қаласына келіп қоныстанған 100 отбасының үйсіз және жұмыссыз жүргенін көрсетіп, сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысына хат жазып, Орталық Комитет пен Үкімет тарапынан арнайы комиссия құрып, оралмандардың мәселесін шешуді сұраған [10]. Демек, жоғары қызметте жүріп, сонау алыстан келген ағайындарды да қиын жағдайға қалдырмауға тырысқандығын байқаймыз.